- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Басты мақсатымыз -...
"Басты мақсатымыз - қоғамды біріктіру". Jaidarman-ның мерейтойлық маусымы басталды
Астанада Jaidarman-ның жаңа маусымы ресми ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми баспасөз бранчында Jaidarman негізін қалаушы Есен Елеукен сөз сөйледі. Оның айтуынша, командаларды дәстүрлі іріктеу және лигалар бойынша бөлу (балалар, жасөспірімдер және жоғары) астанадағы "Жастар" сарайында өтеді, содан кейін Астана тұрғындары мен қонақтары Бейбітшілік және келісім сарайындағы соңғы гала-концертті тамашалай алады.
"Биыл Jaidarman 20 жаста және бұл жоба әуеліден-ақ өзін елдің түкпір-түкпірінен келген талантты жастар үшін бірегей алаң ретінде көрсетті. Ойын-сауық жобасынан біз дарынды жастарға арналған нағыз институт құрдық. Биыл біз осы тенденцияны нығайтып, басқа бағыттардағы жаңа жобаларды іске қосамыз", - деді Есен Елеукен.
"Әдемі маусым" - бұл жобаның жаңа маусымына берілген атау. Есен Елеукеннің сөзінше, ойынның жаңа маусымы ерекше болады. Жоба басшысы табысты қазақ әртістері Jaidarman-нан шыққанын айтты.
"Табысты және танымал қазақша әртістерге, журналистерге, инфлюенсерлерге, елдің креатив индустриясында жұмыс істейтіндердің бәріне қарасаңыз, онда олардың барлығы дерлік біздің лиганың бірінде ойнаған. Біз "жайдармандықтардың" біліміне, олардың музыкада да, сахналық қойылымда да, актерлік шеберлікте де, импровизация өнерінде де талантын дамытуға көп көңіл бөлеміз. Көрермендерге жобаларымыз бұл жылы да қазақша ойын-сауық контенінің деңгейін көтереді", - деді ол.
Биыл Jaidarman-ға іріктеу үшін еліміздің барлық аймақтарынан 350-ден астам команда тіркелген. Былтыр командалар қазіргіден еке есе аз болған. Ұйымдастырушылар жастар тарапынан осындай қызығушылықты былтырғы маусымның сәтті өтуімен және Jaidarman қатысушылары үшін қолжетімді жаңа жобалардың басталуымен байланыстырады.
Айта кету керек, маусымның басталуы барлық негізгі республикалық лигалар – Bala Jaidarman, Jaidarman Junior, JCI Жоғары лигасы (Jaidarman Creative Industry), Астана лигасы, Алматы ашық лигасы және Nomad лигасы үшін іріктеу турнирлерімен белгіленеді. Сонымен қатар JCI SEN creative және Dala Media Lab серіктестерімен бірлесіп былтыр сәтті басталған Jai Battle-ді жалғастырады, жаңа жобаларды – Soile Stand Up және saz, сонымен бірге iqas зияткерлік ойынын іске қосады. JCI ойын күнтізбесінде аймақтар бойынша концерттер мен жобалармен саяхаттарды жоспарлау арқылы Jaidarman филиалдарының аймақтық желісін одан әрі қолдауға ниетті.
Есен Елеукеннің айтуынша, Jaidarman өңірлердегі жастардың түйісетін нүктесіне айналды. Оның айтуынша, Jaidarman - әзіл ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік категориясына қарамастан, әрбір талантты жастың өміріне жолдама беретін әлеуметтік жоба.
Сонымен қатар, ол Jaidarman орысша аудиторияны тартуға ниетті екенін айтты.
"Ойын форматын өзгерту арқылы біз әлеуметтік желілерде көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырдық. Көбісі ойынды көре бастады және қызығушылық танытты. Қазір біздің жобаларымызға тек елде емес, жақын және алыс шетел де қызығып отыр. Менің ойымша, Jaidarman-ды бүкіл қазақша аудитория біледі. Қазір орысша аудиторияны тарту үшін арнайы жобаларымыз бар. Біздің басты мақсатымыз - бүкіл қоғамды біріктіру", - деді ол.
Жаңа маусымның ашылуына белгілі журналистер, қоғам қайраткерлері, блогерлер, вайнерлер, актерлер мен музыканттар қатысты.
Блогер және тележүргізуші Динара Сәтжан қазақстандықтарды Jaidarman ойындарын көруге шақырды.
"Бұл - 19-маусым. Мен кейінгі үш маусымда Jaidarman қазылар алқасында отырмын және маған бұл вайб өте ұнайды. Мен ойынға келгенде телефоннан алыстап, жай ғана жақсы "фильмге" сүңгігендей боламын. Өйткені Jaidarman - бұл жастық шақ, бұл кейінгі трендтер, бұл сатира, әзіл және қазір болып жатқан кейбір жарамсыз қылықтарымызды мазақ ету. Сондықтан мен жаңа маусымды асыға күтемін. Сүйікті командаларым бар, барлығына Jaidarman көруді ұсынамын. Негізінде, Youtube-те Jaidarman үлкен қаралым жинайды. Бүгінгі таңда ең керемет қазақша контентті Jaidarman-нан шыққандар жасайды, бұл үлкен мектеп екенін аңғартады", - деді Динара Сәтжан.
Сонымен бірге TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев та пікірін бөлісті. Ол ойынның жаңа маусымынан әдемілік пен эстетиканың жаңа деңгейін күтетінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан