Айтыскер ақын Балғынбек Имашов студент кезінде зікіршілердің ортасында болғанын, кейбір тыйым салған адамдардың уағызын тыңдағаны туралы "TALKLIKE" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, зікіршілер ортасына түскенімен басында түсінбеген.
Студент кезімізде зікіршілердің заманы болды.Достарымызбен бірге "Исматулла деген тақсыр шығыпты" деп бардық. Санжар Керімбай, Ғалым Боқаш бәріміз дос болдық. Солардың айтқаны бар. Жаңағы ортаға түстім. Бірақ түк түсінбедім. Негізі діни сауатым бар. "Ха-ху" деп бастарын шайқап, арасында жылап жатыр. Жылайын десем көзімнен жас шықпайды. Исматулла келді, қол бермегенмен былай амандастық. "Не сездің?" деді, "ештеңе" деп едім."Жүрегің қарайып кеткен, жүрегіңдегі дақ, кір зікір әсер етпей жатыр, 40 күн келіп жату керексің" деді. Шынымен қорқып кеттім. Білетін адамдардан сұрап, өзіміз де зерттей бастадық. Ана жерде "40 күн аш жатқызады екен, ораза ұстайсың, миыңа неше түрлі нәрсені құйып жібереді екен. Қайрат Жолдыбайұлынан сұрадым. "Ар жағындағы сопылық дұрыс жол, бірақ қазіргілер олай емес, жасап жатқан әрекеттері сәйкес келмейді" деді.
Балғынбек Имашов қазір белгілі бір ұстаздың уағызын тыңдап жүрмегенін айтты.
"Уағыз тыңдағанда Абдулла Жолдасты, Дарын Мубаровты тыңдадым. Ол кезде танымал болған еді. Дарынның дискіде жазылған зинақорлық, ғайбат туралы айтылған уағыздарын тыңдадым. Көп тыңдамадым. Кейін Қалижан ұстазды тыңдадым. Қазір Ерлан Ақатаевтың уағыздары қатты ұнайды. Бірақ жарытып тыңдап жүрген жоқпын", - деді ол
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!