"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Антикорда жұмыс істеп жүрген кезінде қандай кедергілер болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қозғауға болмайтын жабық тақырыптар болған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте жұмыс істедім. Кейбір жағдайда "көз жұма сал, осы тақырыпты көтерме, бірінші Президенттің отбасы мәселесі болды, сол жаққа қарамаңдар, ешқандай сұрақ қоймаңдар, бастарың екеу емес" (деді - еск.). Сол үшін сол кезде жабық тақырыптар болды", - дейді Дидар Смағұлов.
Ол тіпті Астана атауы ауысқанына қарсы болғаны үшін қысым көргенін жеткізді.
"Әлеуметтік желіде Астана Нұрсұлтан болғанда, қарсы шығып, пост жазғанда, мемлекеттік қызметте қысым көрдім. Кейбір әріптестерім амандасқан жоқ. Бірақ ол менің жеке пікірім", - дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!