Алматыда басы кесілген әйелге қатысты жаңа деректер шықты. Бұл туралы "Шешімі бар" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Қылмыс екі апта бұрын жасалған. Марқұмды білетін дүкен сатушысы әйелдің басы кесілген денесін Шолохов көшесіндегі алаңнан ит тапқанын айтты.
"Тергеу мәліметтері бойынша, бұл таңғы 05 шамасында болған. Дене сағат 9-да табылды. Денені ит тапқаны айтылды. Бас жағы капюшонмен жабылған", - деді дүкен сатушысы Айжан.
Дене табылған жерде қан іздері әлі де жатыр. Бірақ сатушылардың айтуынша, базар маңынан табылған баста қан дақтары жоқ.
Заңгердің айтуынша, қылмыскер қылмысты алдын ала жоспарлаған болуы мүмкін.
"Ол өз әрекеттері үшін жауап береді. Ол басты жууды мақсат етті, су бар жерде, үй ме, өзен бе, маңызды емес. Өйткені оны кесіп, жуып, тазалап, буып-түюге уақыт керек", - деді заңгер Нұрлан Байғазин.
Өлтірілген адам есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ 47 жастағы әйел екені анықталған.
Қайтыс боларынан шамамен төрт ай бұрын ол әлеуметтік бейімделу орталығынан баспана тапқан. Түрксіб ауданының патрульдік полициясы әйелді онда мас күйінде жеткізген. Үш ай тұрғаннан кейін ол мекемеден кеткен.
"Ол АИТВ жұқтырған", - деді әлеуметтік бейімдеу орталығының маманы Ырыскүл Құсайынқызы.
Қалалық полиция департаменті өкілдері кісі өлтірді деген күдікті ұсталғанын растады. 60 жастағы ер адам қайтыс болған адаммен таныс болған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әйелдің басы салынған пакетті базарға тастап кеткен күдікті ұсталғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!