"Шұбаркөл көмір" компаниясының қызметкерлері жалақыны көтеріп, ұжымдық шартты қайта қарауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Компания машинистері мен олардың көмекшілерінің үндеуі әлеуметтік желілерде тарады. Видеода олар соңғы индекстеуден кейінгі жалақы самосвал жүргізушілерінкінен де аз болды деп шағымданған. Сондай-ақ, компания қызметкерлері ұжымдық шартты қайта қарап, зиян еңбек жағдайлары үшін төлемнің қалай есептелетінін түсіндіруді сұрап отыр.
"Біз ERG ЖШС басқарма төрағасы Шкажанов мырзаға үндеу жолдаймыз. Серік Кәріпжанұлы, сізге "Шұбаркөл көмір" АҚ таулы учаскесінің машинистері мен олардың көмекшілері жүгініп отыр. 2022 жылы жалақы өскеннен кейін самосвал жүргізушілерінің жалақысы кеншілердікіне қарағанда көбірек шықты. Біз "Шұбаркөл көмір" басшылығына бірнеше рет жүгініп, неге бұлай болғанын сұрадық. Жауап жоқ. Әрине, біз әріптестеріміздің еңбегі лайықты бағаланғаны үшін қуаныштымыз. Сонымен қатар, біз зиян еңбек жағдайлары үшін төлемнің неге төленбейтінін білгіміз келеді. Бұл сұрақ бойынша да Шұбаркөл басшылығына да бірнеше рет жүгіндік. Әрдайым жалақыға қосылған деген жауап алдық. Бірақ, олар бізге төлемнің жалақымызға қашан және қандай мөлшерде қосылғанын айта алмай отыр. Осы мәселені шешуіңізді сұраймыз", - делінген үндеуде.
Сондай-ақ, ролик кейіпкерлері "Қазпрофметалл" кәсіподақ ұйымының төрағасына ұжымдық еңбек шартын қайта қарауға қатысып, оған бірнеше тармақты қайтаруға жәрдемдесуді сұрады. Бейнежазбаның соңында қызметкерлер депутаттардан еңбек демалысы күндеріне төлемді жұмыс күндерінің есебінен емес, күнтізбелік күн есебінен есептеу туралы ұсыныспен Үкіметке шығуды сұрады.
"Шұбаркөл көмір" компаниясының баспасөз қызметі қызметкерлердің бейнеүндеуіне жауап берді. Өнеркәсіп алаңда әлеуметтік жағдай тұрақты, өндіріс тоқтаусыз штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өтініш авторларымен кездесу өткізіліп, түсініктеме берілген.
"2024 жылғы 1 қаңтарда жоспарланған индекстеу кезінде экскаватор машинистерінің жалақысын автосамосвал жүргізушілерінің жалақысының деңгейімен салыстырып, қайта қарау туралы мәселе қаралады. Сондай-ақ, тамақтану үшін өтемақы төлемдері мөлшерін қайта қараймыз. Жұмысшыларға еңбек зияндылығы үшін қосымша ақы есептеу жүйесі түсіндірілді. ҚР Еңбек кодексінің 103-бабы 1-тармағына сәйкес еңбек демалысы үшін төлемді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қызметкерлердің еңбек демалыс күндерін есептеуді қайта қарау туралы ұсыныспен хат жолдаймыз", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігер ұйым қызметкерлері Ұлытау облысында ереуілге шыққан еді. "Қазақмыс" басшылығының өкілдері шахтаға түсіп, ереуілге шыққан кеншілермен және мердігер ұйым қызметкерлерімен келісімге келіп, келіссөздерден кейін өндіріс процесі жалғасқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!