Қайрат Жұманов Алматы облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 1989 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін психология мамандығы бойынша, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша, 2018 жылы Тұран университетін құқықтану мамандығы, 2021 жылы әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2025 жылғы сәуірден бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.
Айта кетейік, желі қолданушылары бұл тағайындауды қызу талқылап жатыр: "Бір жылда үшінші басшы осымен", "Білім басқармасы басшыларының ауысуы жиілеген бе?"
Еске салайық, 2025 жылы 21 тамызда Арайлым Төлеубекова Алматы облысы Білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!