Жүйелі түрде бассейнге бару – физикалық қалыпты сақтау және жалпы әл-ауқатты жақсарту үшін ұтымды шешім. Бұл тек уақытты көңілді өткізудің бір түрі ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың негізі. Massaget.kz тілшісі тұрақты түрде жүзу әдетін қалыптастырудың артықшылықтарын ұсынады.
Тұрақты түрде жүзудің негізгі артықшылығының бірі – бұлшық еттерді күшейтуге және жалпы физикалық халіңізді жақсартуға әсер етеді. Су дене қимылдарына қарсылық тудырып, оны еңсеру үшін қосымша күш жұмсауды қажет етеді.
Жүзу дене күші мен төзімділікті дамытады. Арқа, қол, аяқ, бөксе бұлшық еттерін нығайтады. Сонымен қатар жүзу спорты буындарға әсер етпейтіндіктен, тірек-қимыл аппараты немесе жарақаттары бар адамдар үшін таптырмас таңдау.
Сонымен қатар бассейн – калорияларды жоятын және салмақты сақтаудың тамаша тәсілі. Жүзу – артық салмақпен күресуде үлкен көмек береді, өйткені ол зат алмасуды белсендіріп, тұтынатын энергия мөлшерін арттырады.
Орташа алғанда, жарты сағат жүзіп, жаттығудың қарқындылығына және жүзу стиліне байланысты шамамен 200-400 калорияны жұмсауға болады.
Бассейнде үнемі жаттығулар жасау жүрек-тамыр жүйесіне де оң әсер етеді. Судағы қарқынды жаттығулар қандағы оттегінің деңгейін арттырады, жүрек жұмысын нығайтады және оның жұмысын жақсартады. Жүзу гипертония және атеросклероз сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады.
Физикалық артықшылықтардан басқа, бассейнге ұдайы түрде бару – сіздің психологиялық әл-ауқатыңызға пайдалы әсер етеді. Судың өзі және жүзу іштегі толқынысты тыныштандыратын қасиетке ие және стресс пен уайымды жеңілдетуге көмектеседі. Эндорфин – бақыт гормондарының көбеюінің арқасында жүзу көңіл күйді жақсартады және психикалық әл-ауқатты күшейтеді.
Бассейнге үнемі бару физикалық белсенділікті, икемділікті және тепе-теңдікті ұлғайтады. Суда жүзу – бұлшық еттер үшін ең қауіпсіз, жарақаттану ықтималдылығы аз және судағы қалқу дағдысын қалыптастыратын оңтайлы дүние.
Сонымен қатар бассейн әлеуметтену және ортақ мүдделері бар адамдармен қарым-қатынас жасау үшін тамаша орын.
Қорытындылай келе, бассейнге үнемі бару сіздің денсаулығыңыз бен жалпы әл-ауқатыңыз үшін көптеген артықшылыққа ие. Жүзу бұлшық еттерді нығайтуға, калорияларды жағуға, жүрек жұмысын жақсартуға, стресті жеңілдетуге және көңіл күйді жақсартуға көмектеседі. Дене шынықтыруды және жүзудің барлық артықшылығын пайдаланғыңыз келсе, бассейнге үнемі бару – тамаша шешім.
Дина Литпин
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!