- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баспасөз хатшысы Тоқаевтың...
Баспасөз хатшысы Тоқаевтың Самарқандағы мәлімдемесін түсіндірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы сөзіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Руслан Желдібай Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы Президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп жатқанын айта кетті.
"Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішке орай жасағанын атап өткім келеді. Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан", - деді Руслан Желдібай Facebook-парақшасында.
Тоқаев түркі мемлекеттерінің бірлескен жұмысын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина