- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баспана кезегінде тұрған...
Баспана кезегінде тұрған 90 мың адамның үйі бар болып шықты - министр
Бүгінде баспана кезегінде тұрған 90 мың адамның үйі бары анықталды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.
Министрдің айтуынша, заң жобасы Отбасы банкін екінші деңгейлі банктер қатарынан шығарып, банк базасынан Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын құруды көздейді.
Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев баспана кезегінде тұрғандарға тексеріс жүргізілетінін жеткізді.
"Баспана кезегінде тұрған 646 мың адамның 232 мыңы кезектен шығарылады. 90 мың адамның баспанасы иесі екені анықталды. Заң бойынша олардың баспана алуға құқығы жоқ... Баспана кезегінде тұрғындардың тізімін Отбасы банкіне береміз. Отбасы банкі 17 мәлімет базасымен интеграцияланған. Бұл баспана кезегіне тұрудың заңды немесе заңды емес екенін анықтайды. Бұл бізге тексеріс жұмысын жүргізуді жеңілдеді", - деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, биыл 1 тамызынан осы күнге дейін баспана кезегінде тұрған 21 607 адам кезектен шығарылған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үй жарияланғаны хабарланды.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz