Былтыр Қазақстанда азық-түліктен бастап пәтерге дейін қымбаттады. Massaget.kz тілшісі Energyprom.kz сайтының деректеріне сілтеме жасап, баға қаншалық өзгергеніне шолу жасады.
Шырын қаншаға қымбаттаған?
Былтырғы желтоқсанның қорытындысы бойынша жеміс-көкөніс шырындарының бағасы бір айда 1,7 пайызға өсті. 2022 жылы қымбатшылық наурыз бен сәуірде айтарлықтай байқалды.
Бір жыл ішінде жеміс-көкөніс шырындарының бағасы 28,1 пайызға өсті. 2022 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша өңірлер арасында елеулі жылдық өсім Қызылорда (45 пайызға), Жетісу (41 пайызға) және Ақмола (37,6 пайызға) облыстарында байқалды.
Жылдық өлшемде көкөніс шырыны айтарлықтай қымбаттаған: орташа есеппен бірден 31,1 пайызға. Өңірлер арасында көкөніс шырындары Батыс Қазақстан (53,3 пайызға), Атырау (42,8 пайызға), Түркістан (42,6 пайызға) және Қызылорда (40,5 пайызға) облыстарында, сондай-ақ Астанада (39 пайызға) қымбаттаған.
Жеміс шырындары орташа есеппен жылына 27,9 пайызға қымбаттады, ал өңірлер арасында Қызылорда (45,3 пайызға), Жетісу (41,3 пайызға), Ақмола (38,2 пайызға ), Абай (33,5 пайызға) және Атырау (32,3 пайызға) облыстарында байқалды.
Әуе тасымалы қаншаға қымбаттаған?
Былтырғы желтоқсанның қорытындысы бойынша әуе тасымалы қызметінің құны бір жылда 16,8 пайызға өскен.
Өңірлер арасында Батыс Қазақстан облысында баға айтарлықтай өсті, яғни бірден 67 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, антилидерлер үштігіне Абай (жылына 57,3 пайыз) және Қостанай (43,2 пайыз) облыстары кірді. Тек Ұлытау (20,8 пайызға) мен Алматы облыстарында (3,9 пайызға) баға төмендеген.
Ет қаншаға қымбаттаған?
Былтырғы желтоқсанның қорытындысы бойынша ет бағасы бір жылда 16,6 пайызға өсті.
Маңғыстау облысында баға айтарлықтай өскен, яғни ет бір жылда 22,6 пайызға қымбаттаған. Бұл қатарда Павлодар (жылына 21,7 пайызға) мен Солтүстік Қазақстан (жылына 21,5 пайызға) облыстары бар. Ең төменгі жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалған, онда баға 9,7 пайызға өскен.
Ет пен құс еті бір жылда 15,4 пайызға, шұжық 22,2 пайызға, ет өнімдері 15,9 пайызға қымбаттады. Ет өнімдері ішінде құс еті бір жылда 29,4 пайызға, жылқы еті 16,7 пайызға, шошқа еті 14,3 пайызға, қой еті 12,9 пайызға, сиыр еті 10,1 пайызға қымбаттады. Шұжық арасында қайнатылған шұжық 23,6 пайызға, жартылай ысталған шұжық 22,2 пайызға қымбаттады.
Жанар-жағармай қаншаға қымбаттаған?
2022 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша жанар-жағармай бағасы бір айда 0,3 пайызға, ал бір жылда 2,5 пайызға өсті.
Ақтөбе облысында ай сайын баға айтарлықтай өскен, яғни 6,1 пайызға. Одан кейін Маңғыстау (0,7 пайызға), Атырау және Қостанай (0,3 пайызға) облыстары тұр. Тоғыз өңірде баға өткен айдағы деңгейінде қалған. Ал Жетісу, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында жанар-жағармай құны төмендеген.
Мейрамханада тамақтану қаншаға қымбаттаған?
2022 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының қызметтері бір айда 2,7 пайызға, ал бір жылда 23,4 пайызға қымбаттады.
Айлық көрсеткіш Жетісу облысында айтарлықтай өзгерген: бірден 13,9 пайыз. Үштікте Шымкент қаласы - 9,9 пайыз және Алматы облысы бар - 7,3 пайыз. Жеті өңірде баға өзгермеген.
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдары қызметтерінің жылдық динамикасы бойынша Жетісу облысы бірінші тұр: +44,7 пайыз. Шымкентте де жыл бойы баға біраз өзгерген (40,3 пайыз) және астанада +38,5 пайыз. Ең аз көрсеткіш Павлодар облысында +6,2 пайыз.
Пәтер қаншаға қымбаттаған?
Бір жылда (2022 жылғы қараша 2021 жылғы қарашаға) пәтерлерді қайта сату бағалары 26,9 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3 пайызға өсті.
Өңірлер бөлінісінде жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе - 30,3 пайыз, Семей - 26,9 пайыз, Ақтауда 25 пайызға қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығы саудасындағы баға өсімі бойынша тізімді - Талдықорған (44,6 пайыз), Ақтау (43,3 пайыз), Семей (42,8 пайыз), Ақтөбе (42,4 пайыз), Астана (41,7 пайыз), Қызылорда қалалары бастап тұр (41,2 пайыз), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы (76,6 пайыз), Қарағанды (55,7 пайыз), Қостанай қалаларында (54,5 пайыз) қымбаттады.
Сүт қаншаға қымбаттаған?
Былтырғы қазанның қорытындысы бойынша елімізде сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 28,2 пайызға өсті. Консервідегі сүт 39,2 пайызға, ашытылған сүт өнімдері 29,2 пайызға қымбаттаған. Ашыған сүт өнімдерінің ішінде йогурт 36,5 пайызға, айран 19,7 пайызға, қаймақ 33,6 пайызға, сүзбе 14,8 пайызға, қатты ірімшік 31,4 пайызға қымбаттады.
Өңірлерде сүт өнімдері бағасының өсуін Маңғыстау облысының тұрғындары қатты сезген:сүт өнімдері бір жылда 42,2 пайызға қымбаттаған.
Жұмыртқа қаншаға қымбаттаған?
Былтыр қазанда бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы бір айда 6,3 пайызға, ал жылдық өсімде 14,8 пайызға өскен.
Бір жыл ішінде Қызылорда облысында жұмыртқа қатты қымбаттаған, яғни баға 52,2 пайызға көтерілген. Одан кейін Қостанай облысында 34,1 пайызға өскен. Ал Алматыда баға, керісінше, 4 пайызға төмендеген.
Білім беру саласындағы қызмет қаншаға қымбаттаған?
Қазақстанда білім беру саласындағы қызмет бір жылда 15 пайызға қымбаттады.
Атырау облысында баға айтарлықтай өсті, яғни бір жылда бірден 60,4 пайызға көтерілген. Антилидерлер бестігіне Түркістан (28,2 пайызға), Қарағанды (21,9 пайызға), Шығыс Қазақстан (19,9 пайызға) және Павлодар (19 пайызға) облыстары да енді. Керісінше, Алматы облысында бұл қызмет құны салыстырмалы түрде айтарлықтай қымбаттамаған: 5,3 пайыз.
Айта кетейік, бұған дейін де 2022 жылы Қазақстанда не қымбаттағанына шолу жасаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!