ER-BATYR жобасының жаңа қонағы – Kolesa Group компаниясының директоры Николай Бабешкин.
Жүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында көпшілікке көрінуден неге қашатынын айтып, қыз бала болашақта дұрыс қарым-қатынас құру үшін әкесінің анасына деген қарым-қатынасы қаншалықты маңызды, риелторлар жылжымайтын мүлік бағасына әсер ете ме деген секілді сұрақтарға жауап беріп, "Крышадан" баспана іздеуде көмектесетін лайфхактарын бөлісті.
Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20.00-де ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, сағат 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан қарай аласыздар. Жоба серіктесі-Altel мобильді операторы.
Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы – erbatyrkz.