- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Басқарма қар барысын...
Басқарма қар барысын алып тастап, орнына жарнама қойылуына қатысты пікір білдірді
Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Абылай хан мен Жібек жолы қиылысындағы муралдың ауысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Абылай хан даңғылы, 59/61 үйіндегі мурал ауыстырылған болатын. Бұрын үйдің қабырғасында барыс тұрса, енді сусын жарнамасы тұр. Бұл туралы заңгер Ержан Есімханов Instagram-парақшасында айтты.
Басқарма мәліметінше, қар барысы муралын жарнамалық муралға ауыстыруға оның тұрғындарымен келіскеннен кейін осы үйдің "Орман" ТПИК бастамашысы болған.
Үйге жарнамалық кескін сурет салуға тек иелерінің құқығы бар екенін айтқан жөн.
"2023 жылдың 5 мамырында басқарма 70 шаршы метрлік жарнамалық муралды орналастыру туралы хабарламаны тіркеді. Бұл жарнаманы заңдастыру үшін тапсырыс беруші компания басқармаға барлық қажетті құжатын ұсынды. Хабарламаны тіркеуден бас тартуға негіз болған жоқ, себебі эскиз Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнаманың талаптарына толық сай", - делінген басқарма хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина