Жаңалықтардан шаршадыңыз ба? Ендеше, әлеуметтік желілерден уақытша демалыңыз. Арасында мұндай үзіліс алу сізге пайдалы болуы мүмкін.
Жақсы ұйықтауға көмектеседі
Барлық дерлік адам ұйықтар алдында смартфондарын алып, әлеуметтік желілерге кіреді. Алайда смартфонның жасанды жарығы ұйықтауға көмектесетін гормон – мелатониннің бөлінуіне кедергі келтіреді. Сондықтан әлеуметтік желілерден уақытша демалып, түнде лента ақтармасаңыз, жылдам ұйықтап кетесіз.
Жақындарыңызбен жақсы араласуға көмектеседі
Әлеуметтік желілер арқылы достарыңыздың, туыстарыңыздың өмірін бақылау және олар жайлы біліп отыру оңай, бірақ бұл сіздің жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Егер әлеуметтік желілерден демалсаңыз, олармен араласудың басқа да жолдарын байқап көресіз. Мысалы, көптен бері сөйлеспеген туысыңызға видео-байланыс арқылы хабарласаңыз.
Босаңсуға көмектеседі
Әлеуметтік желілерден бас тарту мазасыздықпен күресуге көмектеседі. Көпшілік адам әлеуметтік желілерде келген хаттар мен пікірлерге жауап беруге өзін міндетті санайды. Сол үшін күйзеліске шалдығады. Мұндай қысымсыз бір күннің өзі адамның психологиялық жағдайына жағымды әсер етеді.
Маңызды нәрсені жіберіп алу синдромымен күресуге көмектеседі
Әлеуметтік желілерде көп отыратын адамдар жиі маңызды бірдеңені жіберіп алудан қорқып, парақшасын немесе сайттардағы жаңалықтарды тексере береді. Бұл адамның өміріне жағымсыз әсер етеді. Бұл синдроммен күресті бастау үшін әлеуметтік желілерден уақытша бас тартудан бастаған жөн. Сіздің де өміріңіз қызықты сәттерге толы екенін ұмытпауыңыз керек.
Басқа шаруаларға уақыт табылады
Адам әлеуметтік желіге бір кірсе, қалай біраз уақыт өтіп кеткенін байқамай қалады, соның себебінен басқа шаруалары жөнінде қалады. Егер уақытша әлеуметтік желілерден демалсаңыз, сол уақытты серуенге, жаттығу жасауға немесе қандай да бір тіл үйренуге пайдалана аласыз.
Технологияның және жалпы өмірдің дамуымен қатар адамдарда жаңа тәуелділіктер пайда болады. Әдетте, олар адам денсаулығы мен психикасына негатив әсер етеді. Оған қоса, адам өзіндегі бұл дұрыс емес әдеттерді байқай бермейді. Қазіргі заманда кең тараған тәуелділіктерді ұсынамыз.