Актриса, тележүргізуші Аша Матай "Қалаулым" бағдарламасын жүргізбеу үшін өзіне қомақты ақша ұсынғандар болғанын айтты. Алайда ол қанша ақша ұсынғанын ашып айтпады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Рас, болды. Қанша ақша ұсынғанын айтпай-ақ қояйншы. Ол бағдарламаны жабу үшін де, менің жүргізбеуім үшін де ақша ұсынды. Менің орныма "басқа жүргізуші болсыншы", "сізге осындай ақша береміз" деген ұсыныс та болды. "Қалаулымның" кезінде неше түрлісі болды ғой. Бандиттер келген кезеңдер де болды, осылай тікелей эфирде отырған кезде, "разборкалар" болды әртүрлі, кейбіреулер талып қалған кезеңдер болды, тіпті тікелей эфирде өзімнің денсаулығым сыр берген жағдайлар болды. Әртүрлі жағдайлар болды негізі. (...) Бандиттер мені үшін ұру үшін келмеді. Аллаға шүкір. Мен бәрімен жақсы қарым-қатынаста болуды қалаймын. Бандиттер біздің редакцияға келді. Мәди деген қатысушымыз болды. Сол Мәдиге бір қыз келді. Ол қыздың әкесі қарсы болды. Өзі білмейтін еді, қызы келгенде тікелей эфирден көрді. Сөйтіп өзінің "жігіттерін" жіберді", - деді НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында.
Ол сонымен бірге жобаның шынайы екенін айтты.
"Неше түрлі қызықтар болды. Қазір қалай болып жатқанын білмеймін. Негізі көбісі сұрайтын еді, бірінші маусымда Зәмира деген қыз болатын еді ғой. "Зәмираны сіз өтірік істеп қойдыңыз, өтірік сценарий" деген сияқты айтты. Негізі Зәмира өзі өмірде сондай. Содан кейін барлығы интернет арқылы, Instagram арқылы өзін өзі көрсетті ғой. Өзі сондай. Жоба шынайы", - деді Аша Матай.
Айта кетейік, Аша Матай бұған дейін әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың оқиғасына қатысты пікірін айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз