"Басқа жұмыста миллиондап тапсаң да мұндай саяхаттау мүмкіндігі болмайды" - стюардесса адам қызығатын қызметі туралы айтты

"Басқа жұмыста миллиондап тапсаң да мұндай саяхаттау мүмкіндігі болмайды" - стюардесса адам қызығатын қызметі туралы айтты

23 жастағы Аружан Әлімбетова қазақстандық әуекомпаниясында бортсерік болып қызмет атқарады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жұмысының қыр-сыры туралы айтып отырады. Tengritravel.kz тілшісі бортсерік раумен сөйлесіп, жұмысының артықшылығы мен кемшілігі туралы сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Аружанның сөзінше, ол әуекомпаниясында істеп жүргеніне бір жарым жылдай болған. Осы уақыт аралығында Аружан 500 сағат ұшып, сегіз елде болып қайтқан. 

"Ең үлкен проблема - жұмыс кестесі шығар. Алғашқы уақыттары таңғы 4-те ояну қиын болды. Ұзақ уақыт бойы үйрендім, алғашқы айлары ағзам бәріне үйренуі керек болды", - дейді Аружан. 

@aru_cabincrew

начинаю новую рубрику - влоги! ✨ первый влог: эстафета в Анталью

♬ оригинальный звук - ARU

Рейстер арасында экипаж мүшелері демалып, келесі рейске дайындалуы үшін 12 сағат демалыс уақыты беріледі.  

"Егер 5 сағаттық рейс болса, экипаж сол елде демалу үшін қалады. Халықаралық рейстерде "оффтар" беріледі, яғни Ыстамбұлға рейс болса, екі күн сол елде демалуға беріледі", - дейді стюардесса.  

@aru_cabincrew

Влог 2: утренний местный рейс ✈️

♬ оригинальный звук - ARU

Жолда Аружан қызметкерлерге арналған брифингке қатысады. 

"Брифингте мини-тест тапсырамыз, онда аға бортсеріктер келесі рейске дайындығымыз және апаттық процедуралар туралы сұрайды. Турбулент жағдайында немесе жолаушының денсаулығы нашарлай бастаса не істеу керегін сұрайды. Әр рейс алдында дайындаламыз", - дейді Аружан. 

@aru_cabincrew

влог 3: эстафета в Стамбул

♬ оригинальный звук - ARU

Стюардесса өз жұмысын саяхаттау мүмкіндігі көп болғандықтан бағалайтынын айтады. 

"Басқа жұмыста миллиондап тапсаң да мұндай саяхаттау мүмкіндігі болмайды деп ойлаймын. Ұшу эстетикасы, рейс, әуе жаргоны ұнайды. Ұшу кезінде ұшқыштардың кабинасына кіріп, олардың жағдайын тексеріп кіруге болады. Сол кезде ұшу кабинасынан көрсең көзің тоймас көрініс шығады. Одан бөлек, әуе билеттеріне керемет жеңілдіктер жасалады. Өзің ғана емес, отбасыңмен саяхаттасаң болады", - дейді бортсерік ару. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина