"Басқа ешкім жинамады". ҰБТ-да 1 балл алған түлек туралы тың ақпарат белгілі болды

"Басқа ешкім жинамады". ҰБТ-да 1 балл алған түлек туралы тың ақпарат белгілі болды
Фото: TikTok/erasyl.ualievv

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінде өткен брифингіде журналистер Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерінен әлеуметтік желіде танымал болып, ҰБТ-да 1 ұпай жинаған түлек туралы сұрады.

"Иә, шынымен де бір балл алған жағдай болды. Бұл бала ҰБТ-ға қатысып, 90-нан жоғары балл жинағанын хабарлаған болатынбыз. Бірақ бір балл жинаған ҰБТ-ны тек 5 минутта тапсырған. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желілерінде жазды", - деді Дидарбекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Журналистер "Елімізде осындай төмен көрсеткішке қол жеткізген басқа түлектер бар ма?" деп тн сұрады.

"Бір ғана түлек бір ұпай жинады, басқа мұндай төмен нәтиже жоқ", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан