“Басқа амалымыз жоқ“: Иран президенті көршілес елдерге үн қатты

Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдердің басшыларына үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Достас және көршілес елдердің мемлекет басшылары, дипломатиялық жолмен соғыстың алдын алуға тырыстық, бірақ америкалық-сионистік әскери агрессия бізге қорғанудан басқа таңдау қалдырмады", - деп жазды ол Х желісінде.

Оның айтуынша, Иран көрші елдердің егемендігін құрметтейді және Таяу Шығыстағы тыныштықты аймақ елдері қамтамасыз етуі керек деп санайды.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.

Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. 

Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!