- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сириядағы қақтығыс
Башар Асад Сирия президенті қызметінен ресми түрде кетті - Ресей СІМ
Ресей Сыртқы істер министрлігі Башар Асадтың Сирия президенті қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"Асад билікті бейбіт жолмен бере отырып, президенттік қызметтен кетуге шешім қабылдады және елден кетті", - деп хабарлады Ресей СІМ.
Бұған дейін Башар Асад Сириядан қашып, қарулы оппозиция билікті басып алғаны хабарланған болатын.
Еске салайық, биыл қараша айының аяғында - Хаят Тахрир аш-Шам (ХТШ) мен оның одақтасы Сирия Ұлттық Армиясы (СҰА) үкіметтік күштерге қарсы кең ауқымды шабуыл бастады. Бұл шабуыл үкіметтің артиллериялық соққыларына жауап ретінде ұйымдастырылған болатын.
Қазір Алеппо қаласының басым бөлігі көтерілісшілердің бақылауына өтті. Сонымен қатар Серакиб, Маарет-эн-Нууман, Хан-Шейхун және Идлиб провинциясындағы Кафр-Набль сияқты маңызды қалалар да көтерілісшілер қолында.
Айта кетейік, "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) - Башар Асад (Сирия президенті - ред.) режиміне қарсы күресіп жатқан ең ықпалды қарулы топтардың бірі. Ол бұрынғы "Джебхат ан-Нусра" негізінде құрылған және Идлиб аймағындағы маңызды әскери күшке айналды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Литпин