- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бәсе" YouTube-арнасының авторлары...
"Бәсе" YouTube-арнасының авторлары не үшін іздестіріліп жатқаны белгілі болды
Ішкі істер министрлігі "Бәсе" YouTube арнасының авторлары Наталья мен Айдос Садықовтар қандай себеппен іздестіріліп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, "Бәсе" YouTube арнасынан заңсыз контент табылған.
"Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2014 жылы да Ақтөбе соты жала жабу дерегі бойынша Наталья Садықоваға мемлекетаралық іздеу жариялаған. Бұл кезде оған кәсіпкерден шағым түскен.
"Одан кейін іздеу баптың әкімшілік құқықбұзушылық санатына ауыстырылуына байланысты тоқтатылды", - делінген министрлік мәліметінде.
Еске салайық, бұған дейін "Бәсе" YouTube арнасының авторларына іздеу жарияланғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова