Бас прокурор қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер бас прокурордан "Басты ұйымдастырушы Кәрім Мәсімов пе" деп сұрады.
"Мемлекеттік төңкеріс жасау, оған дайындық болған. Негізгі ұйымдастырушылар - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды: Мәсімов пен оның орынбасарлары бар", - деді Асылов Мәжіліс кулуарында.
"Демек, Мәсімов басты ұйымдастырушы ма? Дұрыс па? Тергеу нұсқасы бойынша ма", - деп сұрады журналистер.
"Солай деуге болады", - деді Бас прокурор.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс отырысында Берік Асылов ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде қалай әрекет еткенін айтқан болатын. Оның сөзінше, былтыр 5 қаңтарда Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Алматы, Қызылорда, Алматы облысындағы ҰҚКД ғимараттарынан кетуге бұйрық берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!