Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өлтірді деп айыпталған Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура жанындағы үйлестіру кеңесінің отырысында Асылов әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер қоғамды дүрліктіргенін айтты.
"Жақындағы Нүкенованың өлімі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Қазір 150 мыңға жуық қазақстандық тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы петицияға қол қойды.
Сонымен қатар, бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр. Биыл отбасындағы-тұрмыстағы құқықбұзушылықтар үшін қамауға алу мерзімі ұлғайтылды, тараптарды қайта татуластыруға тыйым салынды", - деді Асылов.
Ол полицияның тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарының шағымын қарау жұмыстары қайта құрылғанын түсіндірді.
"Нәтижесінде, үшінші тоқсанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған жанжал шығарушылар саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін көбейген. Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені және ауыр жарақаттар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ тек жазалау әдістері жағдайды түзете алмайды. Тәртіп орнатуда бізге қоғамның, әрбір азаматтың белсенді қолдауы қажет", – деді бас прокурор.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!