Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбе облысындағы мектеп оқушысының өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Ақтөбе облысы Қопа кентінде оқушының өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауына алғанын айтты.
"Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты болған, салдарынан жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірі ұруға мәжбүрлеген", - деп жазды ведомство басшысы Х парақшасында.
Еске салайық, Ақтөбе облысындағы Қопа ауылында мектеп оқушылары арасындағы төбелес салдарынан жасөспірім қайтыс болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!