- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бас прокуратура Ресейден...
Бас прокуратура Ресейден сепаратизмге айыпталған оралдықты экстрадициялауды сұрады
Бас прокуратура Ресейдегі әріптестерінен сепаратизмге қатысты айып тағылған оралдықты беруді талап етті. Ер адам Ресейде босқын мәртебесін алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Теректі ауылының 35 жастағы тумасы Максим Яковченконың жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. 2022 жылы 12 ақпанда ол ВК-парақшасында Орал мен Қазақстанның басқа да бірқатар қаласын Ресейге "беру" керек деп жазды. Ер адам табылып, оған бірден қылмыстық кодекстің екі бабы – сепаратизм және ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша айып тағылған.
Іс Орал қалалық сотына жіберілген, алайда 2022 жылдың 11 қазанында айыпталушы басты сот отырысына келмеді. Судья Найля Джунусова мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды. Соттың облыстық психикалық денсаулық орталығына берген сауалға жауапта Яковченконың ауруханаға жатқызылмағаны белгілі болды (ер адамның айтуынша, жасөспірім кезінде қатты соққыға жығылған, сондықтан психикалық денсаулығында ақау бар).
"Былтыр 14 қазанында Максим Яковченко сотты тағы да елемеген. Полиция қызметкерлері де оны тұрғылықты жерінен таба алмаған. Осыдан бірнеше апта бұрын ер адам үйін сатып, елден кетіп қалғаны белгілі болған. Кейінірек Максим Яковченко былтыр бірінші желтоқсанында Ростов облысында ұсталғаны белгілі болды. Бірақ Ресейде босқын мәртебесін алған соң оны елге қайтару мүмкін болмайды", - деп жазды басылым.
"Мой город" Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жағдайға қатысты түсінік беруді сұрап, сауал жолдаған. Олар мемлекеттік шекараны кесіп өту дерегі туралы мәліметтерде жеке деректер бар екеніне сілтеме жасап, олар жария етілмейтінін айтқан.
Бұл ретте Қазақстан ІІМ-нің редакция сауалына берген жауабынан Яковченконың жүрген жері анықталғаны байқалады. Наурызда Бас прокуратура ресейлік әріптестеріне оны экстрадициялау туралы өтініш жолдаған.
Оның шекараны қалай кесіп өткеніне келсек, Ішкі істер министрлігі 8 қыркүйекте, дәл сол күні Яковченконың елден шықпау туралы жазбаша міндеттеме таңдалғанын хабарлады. Орал қалалық соты сотталушы табылып, қамауға алынғаннан кейін қылмыстық іс қайта қарау үшін сотқа жіберілетінін қосты.
Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Нұрдәулет Сүйіндіков редакция сауалына жауап бере отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Яковченконы экстрадициялау туралы өтінішін ресейлік тарап қарап жатқанын айтты. Экстрадиция тексеруі аяқталмады.
Бұл ретте Сүйіндіков мұндай өтініштерді қарау Ресей Бас прокуратурасының айрықша құзыретіне жататынын баса айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан