- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бас прокуратура мен...
Бас прокуратура мен ІІМ референдумдағы құқықтық тәртіп туралы айтты
Сайлау учаскелері ашылғаннан бері референдум комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу деректері де тіркелмеген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов дауыс беру заң аясында өтіп жатқанын айтты.
"Дауыс беру процесі заң шеңберінде өтіп жатыр, референдум комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Сайлау күні, яғни бүгін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынғанына тағы бір мәрте назар аударғым келеді. Сауалнамаларды бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда жариялауға да рұқсат етілмейді. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда ӘҚБтК-нің 102, 120-баптары бойынша жауапкершілікке тартылады. Қазірге дейін мұндай заңбұзушылықтар туралы хабарлама түскен жоқ", – деді Қараманов.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев республика бойынша қоғамдық тәртіпті қорғауға 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылғанын айтты.
"Қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ", – деді Әлекешев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек