Бас прокуратура әлеуметтік желіде алаяқтардың хабарламалары жиілегенін ескертіп, қазақстандықтарды тағы сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар құрып, алаяқтық белгілері бар хабарламалар жіберу дерегі жиілеп кетті. Осыған байланысты Бас прокуратура қазақстандықтарды күмәнді аккаунттарға сенбеуге және күдік тудыратын сілтемелерге өтпеуге қайта шақырады", - деп жазылған хабарламада.
Осындай жағдайға тап болсаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз