Бас прокуратура iPhone иелерін интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің ақпаратына сәйкес, зиянкестер адамдарға Apple атынан жалған табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишинг сілтемені қоса тіркей отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған емесі туралы әсер туындайды.
Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.
Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!