Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 сәуірде БАҚ-та "Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуімен байланысты БО бойынша қылмыстық істі тоқтатты" деген мақала жарияланған.
"Қ. Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайды. Шынында да 3 сәуірде Бас прокуратура "QazaqGaz" ҰК" АҚ басшылығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты "Бәйтерек SA" ЖШС мүддесінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты.
Алайда, бұл қылмыстық іс "ҚазТрансГаз Өнімдері" АҚ және ЖШС (АҚ еншілес ұйымы) қолданыстағы басшылығына қатысты тергелді", - делінген хабарламада.
Осы сотқа дейінгі тергеу аясында АҚ бұрынғы басшысы К. Шәріпбаевтың қатысуы тексерілмеген, өйткені тексеру кезеңі 2022 жылдан 2023 жылға дейін, яғни "Болашақ" БО ғимаратын мемлекеттік меншікке бергеннен кейін болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!