Бас прокуратура өмір бойы сотталған Владислав Челахтың өтінішін зерттейді. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өтініш Бас прокуратураға түсті. Біз қосымша зерттейміз, өйткені бұл он жыл бұрынғы мәселе. Қажет болған жағдайда жауап алынады (Челахтан - еск.)", - деді Тәшімбаев Бас прокуратурада өткен брифингте.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Владислав Челахтың "Арқанкерген "бекетінде 15 адамның өліміне қатысты жағдайдың жай-жапсарын айтуға дайын екенін хабарлаған болатын.
2012 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Алматы облысының Алакөл ауданындағы "Арқанкерген" шекара бекетінде болған оқиға. "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасында 14 шекарашының және бір қорықшының мәйіті табылды, заставадағы "Арқанкерген" постының ғимараты өртеп жіберілген. Аман қалған шекарашы сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды. Челах тергеу жұмысы барысында басты күдікті ретінде қарастылып, қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!