Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкіміне қатысты соталды тергеуді прокуратура тіркемеген.
"Алматы қаласы полиция департаментінде 2022 жылдың 13 мамырынан бастап азамат М.А.-ның арызы бойынша Мәнізоровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) бойынша тіркелген қылмыстық іс жатыр", - делінген хабарламада.
2020 жылдың ақпанында Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Кейін ол жұмыстан босатылғанын айтты.