Бас прокуратура Әблязовті экстрадициялауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтен Қазақстан бұрынғы банкирді қайтара ма деген сұрақ қойды.
"Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Біріншіден, оның банк қаражатын ұрлауға қатысы бар. Екіншісі, Тәтішевтің өліміне қатысы. Екі қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққаннан кейін біздің сұрау хаттарымыз Францияның тиісті экстрадициялау органдарына жіберілді. Бұл хаттар біздің бақылауымызда", - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.
Оның айтуынша, олардың қарастырылу кезеңі әртүрлі. "Қазақстан Мұхтар Әблязовті экстрадициялау мәселесімен айналысып жатыр ма" деген сұраққа Жандос Өмірәлиев: "Әрине, бұл жұмыс тоқтамайды, бар күшімізді саламыз", - деп жауап берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!