Бас прокуратураның арнайы прокурорлары "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазТрансОйл" АҚ-ның еншілес компаниясы саналатын "Магистральдық Суағызғысы" квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді.
"Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот санкциясымен тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!