Елімізде Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мереке қарсаңында кәсіпкерлерді құрбандыққа шалынатын мал мен азық-түлікті қымбаттатпауға үндеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ол мерекені пайдаланып, бағаны шарықтатып жіберу зұлымдықпен тең екенін айтты. Сондай-ақ құрбан шалу шарттарын түсіндірді.
"Құрбан айт намазынан кейін 3 күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу міндет. Алғашқы құрбан айт шамазы оқылғаннан кейін алғашқы 16-маусымда құрбандық шала беруге болады. Үшінші құрбандық күн батқанға дейін ақшам намазына дейін құрбандық шалынады. Мерекеге орай басқарма тарапынан жетімдер және қарттар үйлері мен оңалту орталықтарына қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады", - деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Мерекеге орай басқарма тарапынан жетімдер және қарттар үйлері мен оңалту орталықтарына қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!