- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бас жүлде -...
"Бас жүлде - қант". Тойда болған оқиға жұртты күлдірді
Желіде сыйлыққа қант бергендердің видеосы тарады. Видеоны белгілі блогер Дәулет Мұқаев Instagram-парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Қант ең бағалы сыйлықтардың қатарына еніп жатыр", - деп жазған Дәулет Мұқаев.
"Бұл қазір тапшы ғой, жоқ қой, ең бағалы", - дейді видеодағы ер адам.
Той жүргізіп тұрған асабаның айтуынша, бас жүлдеге қант тігілген.
"Ішінде қант па? Әйтпесе, қаппен қант көрмегелі неше жыл болды ғой. Басты жүлде 25 келі қант кімге бұйыратынын қазір көреміз. Мына жақта қыздар кімнің тосап жеп-жемейтінін анықтап жатыр. Кім тосап жапқысы келіп тұр, хабарласыңыздар...", - дейді асаба.
Видеоға түрлі пікір жазылған:
Ж. Қадыржанова"Мә, бір жағынан күлкілі. Бір жағынан сондай күйге жеткеніміз өкінішті…", "Осы кезді де бір күліп, есімізге алатын күн тусын, елімізде өзіміз өнім шығарып, бәрі қолжетімді болсын", "Мен негізі, конкурстарға мүлде қатыспаймын, бірақ 25 келі қант үшін қатысатын едім", "Тойға әкелген ақшаны шығарып алды", "Шынымен, кеше бір тон сататын салонның акциясын көріп едім, тон алсаң, шекер сыйлыққа беріледі. Бұрын парка немесе басқа сырт киім беретін еді", - деп жазды Желідегілер.