Бас жүлде – 500 мың теңге! Алматыда С.Бердіқұлов атындағы бильярд турнирі өтеді

Биыл журналист, жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың туғанына – 90 жыл. Осыған орай «Жас Алаш» газеті БАҚ өкілдері арасында бильярдтан республикалық турнир өткізеді.

Журналистер арасындағы бәсеке 19 мамыр күні сағат 10:00-де Алматыдағы «Бастау» (Алматы  қаласы, Шагабутдинов  көшесі 109 А) бильярд клубында өтеді. Жеңімпаздар  ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

Турнирде топ жарған БАҚ өкілі 500 000 теңге сыйлыққа ие болады. 1-орын иегері – 300 000 теңге, 2-орын иегері – 200 000 теңге, 3-орын иегері 100 000 теңге иеленеді. Сондай-ақ екі бірдей ынталандыру сыйлығы (50 000 теңгеден) тағайындалған. 

Турнирге қатысу үшін БАҚ өкілдері алдын ала тіркелуі керек. Қатысушылардың қызметтік куәлігі болуы шарт. Турнирге қатысу үшін жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Тіркелу үшін  87018617407 (WhatsАpp) нөміріне хабарласып немесе zhasalash100@gmail.com почтасына өтініш қалдырасыз. Турнирге қатысып, бақ сынап, демалып қайтыңыз!