“Бас жаратын нан“. Тергеу изоляторындағы тексеріс нәтижесі шықты

“Бас жаратын нан“. Тергеу изоляторындағы тексеріс нәтижесі шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Атыраудағы уақытша тергеу изоляторындағы тұрмыстық жағдай нашар екенін айтқан адамның видеосы тараған болатын. Осы дерекке қатысты тексеріс нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 30 қарашада басталған қызметтік тексеріс қорытындысын хабарлады.

"Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру нәтижесі бойынша лауазымды тұлғаларға заң аясында тәртіптік шаралар қолданылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, тергеу изоляторының камерасында белгісіз күдікті тамаққа арыз айтып, мекеменің ішкі жағдайын көрсететін видео түсірген еді.

Еске салайық, бұған дейін тергеу изоляторындағы видеодан кейін тексеріс басталғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова