Бас есепшінің айласы: өзі екі есе жалақы алып, жұмыс істемейтін күйеуіне де ақша аударып отырған

Бас есепшінің айласы: өзі екі есе жалақы алып, жұмыс істемейтін күйеуіне де ақша аударып отырған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражаты жымқырылғанын әшкереледі.

"Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі есе жалақы есептеп отырған, сондай-ақ, іс жүзінде жұмыс істемеген жұбайына заңсыз жалақы аударған. Заңсыз әрекет салдарынан 18 млн теңгеден аса бюджет қаражаты жымқырылған", - деп жазылған хабарламада.

Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Келтірілген залал ішінара өтелген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget