Бас бармаққа қарап жүрек пен өкпе саулығын тексере аласыз

Бас бармаққа қарап жүрек пен өкпе саулығын тексере аласыз
Фото: depositphotos.com

Ағзаға оттектің жетіспейтінін саусаққа қарап анықтауға болады. Ал бұл құбылыс негізінен өкпе және жүрек ауруларында жиі кездеседі. Дәрігерлер оттек жетіспеушілігі тағы қандай аурулардың белгісі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Оттек жетіспеушілігін көрсететін тестті "гауһар", "Шамрот терезесі" және "Гиппократ саусақтары" деп те атайды. 

Тесттің мәні саусақтың соңғы бөлігі қалыңдайды, тырнақ пішінін өзгертіп, сағат әйнегі сияқты дөңгеленеді. Сонымен, қалай тексереміз?

Екі қолдың бас бармақтарын бір-біріне қаратып, басамыз. Егер тырнақ арасы қиық пішінді немесе жабысып тұрса, бұл бәрі ойдағыдай деген сөз. Ал, керісінше, тырнақ арасында алшақтық болмай, тырнақ ұштары әртүрлі бағытқа қарап тұрса, жүрек пен өкпенің ауыратынын білдіруі мүмкін. 

Фото: doctorpiter. Сау адамның тырнақтары осындай күйде болады

Дәрігерлердің айтуынша, бұл белгі ер адамдарда да, әйелдерде де кездеседі. Бұдан бөлек, ол мынадай ауыр аурулардың белгісі:

  • Темек шегетіндер;
  • созылмалы бронхит;
  • өкпе эмфиземасы;
  • бронх демікпесі;
  • өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (COPD);
  • туберкулез;
  • өкпенің қатерлі ісігі;
  • ауыр туа біткен жүрек ақаулары.

"Ағза оттегіні миға, жүрекке, ішкі мүшелерге көбірек бағыттайтындай етіп бөледі де, аяқ пен қол саусақтардағы перифериялық тіндер жеткілікті оттегін ала алмайды. Сондықтан дәнекер тін өсіп, саусақтар өзіне тән көрініске ие болады", - деді кардиолог Анна Кореневич.

Сонымен қатар, хирург-онколог Дмитрий Полежаев мұндай көрініс өкпе қатерлі ісігі ағзада дамып, жайылғанын көрсететінін жеткізді.
 
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер жүрек ауруына себеп болатын 7 әдетті атаған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ хандығы үшiн Сырдария бойы аумағыны неліктен маңызды болды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә