- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бас ауыруын дәрісіз...
Бас ауыруын дәрісіз кетірудің қарапайым жолы
Бас сақинасы кезінде адамның басы қатты ауырады, жүрегі айнуы, жарыққа сезімталдық пайда болуы және басқа да жағымсыз белгілер байқалуы мүмкін. Кенеттен бас сақинасы ұстап қалса, бірақ қол астында дәрі болмаса, бас ауыруын кетірудің қарапайым әдісі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Бас сақинасы кезіндегі бас ауыруын басу үшін ыстық су мен леген керек болады. Легенге ыстық су құйып, оған аяғыңызды салыңыз. Бұл кезде диванда немесе орындықта отырып, барынша босаңсуға тырысу керек. Бұл әдісті байқап көргендер бас ауыруы бірнеше минутта кететінін айтады. Алайда судың қатты ыстық болмауын қадағалаңыз және оған аяқты ұзақ уақыт салмаңыз.
"Аяқты ыстық суға салған кезде қан тамырлар кеңейеді. Бұл қысымды түсіреді", - дейді анестезиолог Майро Фигура.
Сол секілді ыстық душқа түсуге немесе ванна қабылдауға болады. Жылу бұлшықет кернеуін түсіреді, қан айналымына әсер етеді. Сондықтан жағымсыз белгілерді жеңілдетеді.
Сондай-ақ маңдайға және иыққа салқындау компресс жасауға болады: қан тамырлардың аздап тарылуы ми қан тамырларына түсетін күшті азайтады.
Сізде бас сақинасы екенін тек невролог дәрігері анықтай алады. Алайда оны өздігінен анықтауға арналған қарапайым тест бар.
- Соңғы үш айдағы бас ауыруы жүрек айнумен немесе құсумен қатар жүрді ме?
- Бас ауыруы жарыққа немесе дыбысқа жоғары сезімталдықпен қатар жүрді ме?
- Бас ауыруы күнделікті белсенділігіңізді (жұмыс, сабақ) шектеді ме?
Егер 3 сұрақтың екеуіне "иә" деп жауап берсеңіз, сізде 93% бас сақинасы болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Бас ауруының сіз ойламаған 6 себебі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова