Актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде неге соңғы кезде үнемі көңілсіз жүргенінің себебін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әне-міне дегенше 100 килограммнан да астық. Қарабет, ұят, не істеймін"- деп жазды актер парақшасында.
Жахан Отарғалиевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып жүргенін байқауға болады.
"Барымды салып жатырмын не болса да. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер. Артық салмақтың көңіл-күйге әсері бар, үнемі көңілсіз боп жүреді екенсің. Сол үшін жыртылып жатырмын", - деп сырымен бөлісті актер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!