Massaget.kz Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Жанат Асылханқызымен бірге "Қай нұсқа дұрыс?" айдарын бастайды. Бұл айдарда әртүрлі нұсқада қолданылып жүрген сөздердің дұрыс жазылуын маманнан білеміз.
Сарапшы қазіргі таңда калька қолданыс өте көп екенін айтады. Осындай қатенің бірі керек, қажет, тиіс деген сөздерге қатысты.
"Сәтсіз калька: Ты должен идти – Сен бару керексің. Сәтті калька: Ты должен идти – Сен баруың керек. Қазақ тілінде тұйық етістікпен тіркескен модаль сөздер (керек, қажет) жіктелмейді, оның алдында тұрған етістікке (бару) қосымша жалғанады. Бұл – орыс тілінің тіркесім заңдылығын, қосымшалардың ерекшелігін ескермеуден туындаған қате", – деп түсіндірді маман.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз