Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай құттықтау жолдаған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларына алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Республика күніне орай жолдаған шынайы құттықтаулар мен жылы лебіздер үшін барша мемлекет және үкімет басшысына, сондай-ақ, ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Сіздердің еліме деген ізгі ниеттеріңізді егемен Қазақстан халқы зор ризашылықпен қабылдады", – деп жазды Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін Тоқаевтың атына құттықтаулар келіп түскен болатын. Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар келді. Қазақстандықтарды ұлттық мерекемен АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзербайжан, Беларусь, Армения, Франция, БӘӘ және басқа да көптеген мемлекеттердің көшбасшылары құттықтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz