Қазақстандық Әли Тұрғанбеков Катарда футбол тарихындағы аңыз адамдармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әли Тұрғанбеков Катарға FIFA өкілінен шақырту алған.
Ол бұл жолы ФИФА әлем чемпионатының жартылай финалында "Ливерпуль" мен "Монтерей" ойынында болды, сондай-ақ, футбол аңыздарымен кездесті.
Бала Instagram желісіндегі парақшасына салған видеосында испаниялық Хави қазақша "Алға, Қазақстан!" деген.
"Мен өте бақыттымын. Біз мұны жасадық. "Барса" аңызы Хави. Оған Савомен ойнағандай, баспен шелекке допты кіргізетін челленджді қолдауын ұсындым. Ол сол жерде-ақ шелек тауып, алып келулерін айтты", - деп жазды Али.