Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова тойына өнер адамдарын шақырмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы "OZMZ ғой" бағдарламасында айтты.
"Бұл - менің позициям, бұл рас (...) Менің өзім жақында өте бір мықты адамның тойында болдым. Барған кезде біріншіден, нені сезіндім. Бәрінде бетперде. Екіншіден, шынайы процесте жоқ. Былай телефонды алады, түсіреді. Менің ойымша, бәрібір бұл - ерекше күн. Сол сәтті сезініп, өткізуің керек. Түсіретін адам түсірсін. Қазір Құдайға шүкір, мобилограф бар, видеограф бар, бірақ сен сол сәтте бол. Біз кейде осындай болып жатқан сәтті көзбен іліп алуды ұмытып кеттік негізі, барып телефонға жүгінеміз, TikTok түсіреміз. Бұның барлығы болуы керек, бірақ оның кейде керек емес сәттері бар. Менің ойымша, бұл, әсіресе, осы тойға қатысты. Сондықтан да мен бұл тойды біреуге көрсету үшін емес, жарқырап-шашылу үшін емес, менің ойымша, ауызбіршілікте, жақын адамдарыңды бір жерге жинап, бір жақсы кеш өткізу. Әрі қарай өзімнің жарым тойды қалай жасайды, блогердің кеші бола ма - өз еркі, өзі біледі. Мен оған еш араласпаймын, жалпы өзімнің ұстанымым осындай", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова екінші рет тұрмысқа шығатынын хабарлаған едік.
Айжұлдыз Адайбекованың болашақ жары - экстрим-блогер Сәкен Қағаров. Блогер сүйіктісіне ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында жасаған. Ал ерекше сәттің кадрлары оқырмандарды сүйсінтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!