“Бәрін ұмытып, серпілемін“. Дина Төлепберген ерекше хоббиі туралы айтты

“Бәрін ұмытып, серпілемін“. Дина Төлепберген ерекше хоббиі туралы айтты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen/

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген ерекше шабыт сыйлайтын хоббиі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Қайырлы түн! Би маған шабыт береді. Бәрін ұмытып, серпілемін. Бүгін генеральная репетиция. Ертең ерекше түсірілім болмақ", - деп жазды ол әлеуметтік желіде бидің дайындығында жүрген видеосын жариялап. 

Еске салайық, жақында Дина Төлепберген кино саласында жұмыс істеп жатқаны туралы хабарлаған болатын. Оның бұл жаңа хоббиі осы түсірілім алаңымен байланысты болуы мүмкін. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева