- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бәрін тастаймын деген...
"Бәрін тастаймын деген шешім қабылдадым". Жахан Отарғалиев тосын мәлімдеме жасады
Актер Жахан Отарғалиев оқырмандарына тосын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, күйзеліске түсіп кеткен.
"Өзімді жоғалтып алғаныма 8 ай болды. Өзімді тауып алуым керек еді. Күйзеліске түбіне дейін кірдім. Бір апта бұрын өнерді қоямын, кино түсірмеймін, сахнаға шықпаймын, бәрін тастаймын, басқа өмір сүремін, Оралға барамын деген шешім қабылдап, заттарымды жинай бастадым", - дейді ол.
Бұл күйзелістен шығуға анасы көмектескен. Кейін өнер иесі Бәке есімді досы қызық идея айтқан.
"Мен туралы кім не демеді, кейбір сөздерді естігенде қоя салайыншы, мен жоқ болып кетсем қоятын шығар деген ой да келді, бірақ біреу айтты екен деп өмір сүру мүмкін емес, бұл өмірде ешкімге жақпайсың", - дейді актер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек