- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Бәрін көрдім“. Дана...
“Бәрін көрдім“. Дана Нұржігіт үшінші рет тұрмыс құруға қатысты ойын айтты
Фото:
Видео кадры
Танымал журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты маңызды сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол үшінші рет тұрмыс құруға қатысты пікір білдірді.
"Екі күйеуім екі түрлі тұлға. Бұған өзім де таңғаламын. Ал үшінші рет тұрмыс құрып-құрмайтынымды білмеймін, бірақ екіталай. Менің ойымша, мен бәрін көрдім, білдім, жеткілікті деп ойлаймын", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Дана Нұржігіт екінші некесі туралы сөз қозғап, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді.
Тележүргізуші екінші күйеуінің үстінен арыз түсіріп, оны сотта жеңіп шықты. Сот 7 отырысқа созылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә