- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бәріміз пендеміз, бірақ..."...
"Бәріміз пендеміз, бірақ..." Анна Данченко жұртты ойландыратын жазба қалдырды
Танымал журналист Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында жұртты ойландыратын ерекше жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мағжан Жұмабаев “Педагогикасынан”. Бір ғалым айтыпты: “Қайғыға ортақтасу үшін адам болу жетеді. Қуанышқа ортақтасу үшін періште болу керек”- деп. Жер бетінде періште жоқ, әрине. Бәріміз пендеміз, бірақ "шақырған жерден қалмауға", адамның көңілін қалдырмауға тырысамын. Қуаныш көп болсын! Той баршамызға жұғысты болсын!", - деген журналист "Бір болайық" бағдарламасындағы жұп Балназым мен Дәулеттің тойынан сурет жүктеді.
Көпшілік оқырман журналистің сұлулығы мен сауаттылығына тәнті болып жатқанымен, оның жеке өміріне алаңдаушылық танытқандар да аз емес сияқты.
"Аннаға жұғысты болмайды-ау", "Өзінің тойына қашан барамыз?", "Жұғысты болсын деп тілеңіз" деген пікірлердің көптігі журналистің жеке өміріне қызығушылық танытқандарын байқатады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева