Барлық талапкерге грант жете ме? Министрлік жауап берді

Барлық талапкерге грант жете ме? Министрлік жауап берді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

2025 жылы барлық талапкерге білім беру гранттары жете ме? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова талапкерлер саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

"Биыл грант тағайындау конкурсына 113 мың талапкер өтініш берді – бұл, негізінен, жеткілікті. Қазір талдау жүргіземіз және тамыздың бірінші онкүндігінде нәтижелерді жариялаймыз", – деді Көбенова Үкіметтегі баспасөз конференциясында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget