Барлық ірі кен орны мемлекеттің меншігінде болуы керек - Қошанов

Барлық ірі кен орны мемлекеттің меншігінде болуы керек - Қошанов
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда жаңадан ашылған барлық ірі мұнай-газ кен орнының 50 пайыз үлесі міндетті түрде мемлекеттің меншігінде болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол депутаттардың бастамасымен Жер қойнауы туралы заңнамаға түзетулер енгізілгенін атап өтті.

"Енді жаңадан ашылған барлық ірі мұнай-газ кен орнының 50 пайыз үлесі міндетті түрде мемлекеттің меншігінде болуы керек. Бұл заң Президенттің "Қазақстанның бүкіл табиғи байлығы халыққа тиесілі" деген конституциялық бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ зиянды жұмыс жағдайларында еңбек ететін азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі шешілді", - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz