Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның барлық өңірінде 14 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктер қар жауып, боран соғып және көктайғақ болатынын болжап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада жексенбіде көктайғақ болады.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкентте түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман, боран күтіледі. Жел оңтүстіктен соғып, кейін батысқа ауысады: түнде солтүстікте 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, солтүстікте 25 м/с-қа дейін.

Қостанай облысында көктайғақ, қар жауып, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.

Жамбыл облысында қар, боран күтіледі. Таулы аудандарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан: түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с.

Жетісу облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел шығыстан, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с.

Абай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, ал батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстіктен соғады: 15–20 м/с, түнде екпіні 23–28 м/с.

Батыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады: 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан: солтүстікте, шығыста және орталықта 15–20 м/с, түнде екпіні 25 м/с.

Ақтөбе облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.

Маңғыстау облысында түнде қар, көктайғақ, облыстың солтүстігі мен шығысында қатты қар күтіледі; күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу боран күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, ал облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары.

Атырау облысында қар, көктайғақ, боран күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан, күндіз 15–20 м/с.

Түркістан облысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күн соңында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан: түнде таулы аудандарда 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал солтүстікте, батыста және таулы аудандарда екпіні 23–28 м/с.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз